«Көрсеткен өнеріме көңілім толды. 170 килограмға азғана жетпей қалды, әлі жұмыс істейтін тұстар баршылық. Жылдың соңына қарай, әлем чемпионатына дейін бәрін реттеуім керек. Егер Олимпиадаға жолдама алсам, онда рекорд жасауға әрекет етемін. 11 шілдеде базаға барып, жұмысқа кірісеміз», – дейді Ильин. Спортшы жақын арадағы жарыстарға қатысуы туралы да айтып өтті. «15 тамызда Талдықорғанда Қазақстан халқы Спартакиадасы болады. Сол жерде 172-173 және 210 кг көтеруді жоспарлап отырмын», – дейді атлет.
Ильин 2020 жылғы Олимпиадада әлем рекордын жаңартпақ
08.07.2019
273
0





