Қазақстандық белгілі ауыратлет Илья Ильин үйленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшының сүйіктісі астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Олар некесін 12 қаңтар Астанада қиыпты.
«Махаббат, шексіз бақыт пен ең мықты ер азаматқа «иә», – дедім деп жазыпты спортшының жұбайы әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Наталья Кулаковамен ажырасты. Араларында Милана атты қыздары бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<