Илья Илиннің 10 айлық қызы алғашқы сөзін айтты

249

0

Сурет: Instagram/ilyailyinforever

Қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин оқырмандарымен жан тебірентерлік сәтімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 28 қазанында спортшы 10 айлық қызының бірінші сөзін айтқанын айтты.

«Айилиша алғашқы сөзін «папа» сөзінен бастады. Осындай қуанышты хабарды сіздермен бөлісуді ұйғардық», — деп жазды Ильин Instagram-дағы жариялаған бейненің астына.

Оқырмандар шын жүректен қуанып, сәбиге жақсы тілектерін жаудырды.

  • Тәп-тәтті Айлиша ата-анасының мейіріміне бөлене берсін!
  • Өте қуаныштымыз
  • Керемет әкесінің қызы тіл көзден аман болсын балапан!
  • Менің немеремнің де алғашқы сөзі «папа» мен «ата» . Аилиша бақытты қыз болсын!

Илья мен Татьяна Ильин 2023 жылдың қаңтарында шаңырақ көтерді. 2024 жылдың 20 ақпанында олардың Айли есімді қызы дүниеге келген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<