Илья Ильин соңғы сәтте сайысқа шықпай қалды

199

0

Катардың Доха қаласында «Катар кубогі» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Сайыс 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға квалификация беретін екінші лицензиялық турнир саналады. 
Турнирге олимпиадалық салмақ дәрежесіндегі спортшылар ғана қатыса алады. Бүгін мұнда 109 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар сынға түсіп жатыр. 
Қазақстан атынан әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин қатысты. Отандасымыз барлық қатысушылар арасындағы ең ауыр салмаққа тапсырыс бергенімен өзі тұғырға көтерілген жоқ. Ильин жұлқа көтеруде «180 келіні көтерем» деген, ал бұл қарсыластар таңдағаннан ең ауыр салмақ, ал серпе көтеруде «215 келіні көтеремін» деп таңдаған. Ильиннің сайыс жолына шықпай қалу себебі әзірге белгісіз.
www.24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<