Интерактивті сабақ өтті

444

0

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде облыстың 50 жалпы орта білім беретін мектептерінің 3370 оқушыларымен және 186 ұстаздарын қамтып, интерактивті сабақ өткізді.

Оқушыларға 2017 жылмен салыстырып 2018 жылдағы облыс аумағындағы болған өрттер туралы айтып, сонымен қатар өрт туындаған жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі туралы Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері аға лейтенант Эльмира Асанова ақпарат беріп сабақты ашты. Балалардың өтпен ойнауы нәтижесінде пайда болған өрттердің үлгілерін келтірді.

ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің медициналық – психологиялық бөлімінің құтқарушы-медбикесі Жанат Сатыбалдиева  оқушыларға қыстың аязды күндері балалардың жарақаттануы әлде-қайда ұлғаятыны, сонымен қатар қалай уақытында және дұрыс алғашқы көмек көрсету, қысқы маусымда жиі кездесетін жарақаттанулар туралы айтып берді. Жарақат алу кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін көрсетті, ашық және жабық сыну кезінде шиналарды қалай тану туралы көрнекі түрде көрсетіп берді.

Сүңгуірлік-құтқару бөлімінің бас құтқарушысы Бағдат Әлжанов су айдындарында қысқы кезеңде зардап шегушілерді қалай құтқарылатыны туралы айтып берді. Қатты аяздардан кейін ұзақ жылымық болады. Мұз тұрақсыз болып, желмен сынып, жағаға келеді. Ол жерде оның ыңғайсыз жиналуы пайда болады. Күн суытқан кезде мұздар тегіс қатып қалады, ал кейде жаңа жұқа мұз оның үстіне қабаттасып кетеді. Бұл жерлер өте қауіпті, себебі мұз кенеттен сынып, опырылады. Ауа температурасының көтерілуімен мұздың тығыздығы азаяды. Балалардың қатысуымен су айдындарындағы оқиғалар туралы мысалдар келтірілді.

Мұздағы қауіпсіздік тәртібінің ережелері туралы айтып берді. Мысалы, тұрақты аязды күні 4-5 см қалыңдықты мұз бір адамды; 8 см – екі адамды көтереді.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<