Инвестиция тарту және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

5

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынның күн тәртібінде инвестиция тарту, жұмыспен қамту және «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы қаралды.

«Ауданға инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажет. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастырыңыздар. Тұрғындарды жұмыспен қамту, жұмыс көздерін ашу бойынша арнайы жоспар бар. Сол бойынша көрсетілген нақты міндеттер уақытылы орындалуы тиіс», – деді А.Ибраимов.

Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 35 жоба іске асырылып, нәтижесінде 38 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа арқылы 4 жоба жүзеге асырылып, өңдеу саласында жаңа өндіріс орындары ашылды. Қазіргі таңда аудан аумағында жалпы құны 51 млрд теңгені құрайтын ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

Мәжіліс қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты тиісті бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі