Инвестициялық жобалар игілігі

7

0

Фото: Қала әкімдігі

Мемлекеттік қолдау шаралары мен қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстар нәтижесінде қала көлемінде отандық және шетелдік инвесторлар үшін тиімді жағдай жасалуда.

Инвестиция көлемінің артуы нәтижесінде өткен жылы қалада жалпы құны 240 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба жүзеге асты.

Өңдеу бағытында заманауи кірпіш зауыты, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру кешені, екі шағын өнеркәсіптік паркі, жоғары технологиялық айна шығару өндірісі, күріш ақтау және ас тұзын өндіру зауытын кеңейту жобасы, қапталған шыны өндіру цехы сондай-ақ, заманауи жиһаз өндірісі іске қосылды.

Іске қосылған инвестициялық жобалардың нәтижесінде 900-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Биылғы жылы қалада жалпы құны 45 млрд. 900 млн. теңгеге 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, жолаушылар вагондарын жөндеу кешені метан газ құю бекеті бар қызмет көрсету пункті, картон қағаз және пластмасса бұйымдары өндірісі сондай-ақ, дене шынықтыру мен сауықтыру кешені мен екі қонақ үй пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағытында жалпы құны 111,6 млрд. теңгені құрайтын үш ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталады.