Инвесторлардың құқығын қорғайтын арнайы кеңсе ашылады

209

0

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда бойынша департаменті мамандарынан құрылған жедел топ тәулік бойы арыз-шағымдар қабылдауға дайын.
 Бүгінде Сыр өңірінде құны 1 миллиард долларға жуықтайтын ірі 7 жоба жүзеге асуда. Олар – керамика зауыты, кальцийленген сода, газ-электр станциясы, шыны шығару, томат пастасын өндіру, кен орнын игеру және ванадий рудаларын өңдейтін комбинатты кеңейту секілді өндірістер. Уәкілетті орган басшылары аталған жобаларға қаржы құйған шетелдік инвесторлармен алғаш рет кездесу өткізіп, әкімшілік кедергілерді бірлесіп жою жолдарын талқылады.
Абзал Мұхимов, ҚР МҚІСЖҚІА облыстық департаментінің басшысы: – Бірінші кезекте шетелдік инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы, нақты және әкімшілік кедергілердің барынша болмауын және коррупциялық тәуекелдері бар жағдайларда тез, батыл шешімдер қабылдау болып табылады. Әр шетелдік инвесторды жеке бақылауымызға алып, экономикамыздың дамуына үлесімізді қосқымыз келеді.
24.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<