iPhone смартфондары неше жылға шыдайды?

373

0

АҚШ-тың Asymco сараптамалық компаниясының мамандары Apрle корпорациясы өндіретін iPhone смартфондары қанша жылға шыдайтыны жайлы зерттеу жасады. Ресми статистикалық мәліметтер мен сауалнама қорытындысы бойынша бұл смартфондар 4 жылға шыдайтыны жайлы қорытынды шығарылды.

 Сараптама жүргізген мамандар ресми статистикалық мәліметті Apple корпорациясынан алған. Зерттеу жұмысына осы уақытқа дейін сатылған және істен шыққан iPhone смартфондары туралы деректер қолданылған. Сарапшылардың есептеуі бойынша, орташа есеппен iPhone смартфондары төрт жыл сынбастан жұмыс істейді екен. Мұны смартфон иелері арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі де растаған. Айта кетейік, Apрle корпорациясы жыл соңында жаңа үш смартфон шығаруды жоспарлауда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<