iPhone төлқұжат орнына қолданылуы мүмкін

319

0

iPhone төлқұжат орнына қолданылуы мүмкін АҚШ патент ведомствосы Apple компаниясының iPhone технологиясын сәйкестендіруге арналған қосымшасын тіркеді.

Бұл технология паспорттың орнына смартфонды пайдалануға мүмкіндік береді деген болжам бар. Идея смартфон иесінің шифрланған деректерін қоймада сақтап, ақпарат сұрайтын органға берілуіне негізделген.

Компания ақпаратты радио жиілігін сәйкестендіру технологиясын пайдаланып, мысалы, NFC арқылы гаджеттен тасымалдайды. Деректерге рұқсатсыз кіруден қорғау Touch ID идентификаторының биометриялық тексеру технологиялары арқылы қамтамасыз етіледі.

Тұжырымдаманы кең ауқымда қолдануға болады: оны жеке компаниялар персоналға қол жеткізу үшін, ал мемлекет паспорттық бақылау үшін пайдалана алады.

baribar.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<