Иран долларды қолдануға тыйым салды

384

0

Иран долларды қолдануға тыйым салды Иран импорттау операцияларында америкалық валютаны қолданудан бас тартты, деп хабарлайды Forbes. 

Иран Ислам Республикасының үкіметі америкалық долларды қолдануға шектеу қойып, оны импорттық операцияларда қолдануға толықтай тыйым салды.

Financial Tribune Иран экономикалық басылымы атап өткендей, бұл қадам соңғы аптада елдің валюта нарығында байқалған құбылмалылық деңгейін төмендетуге бағытталған. 

Осы аптада Иранның Индустрия және сауда министрлігінің импорт операцияларына доллардан бас тарту туралы директивасы күтпеген оқиға болды. Құжатқа сәйкес, Иран кеден органдары тауарларды жеткізу тапсырыстарын жасағанда және басқа да импорттық декларацияларда долларды пайдаланбайды.

Forbes-тың жазуынша, бұл жағдай Ирандағы импорт құнына және елдегі инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<