Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақ құлады

195

0

Украиналық Boeing 737 ұшағы Тегеран әуежайы маңында құлады, – деп хабарлайды РИА Новости ирандық Tasnim басылымына сілтеме жасап. 
Лайнердің «техникалық ақауға» байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Лайнерде 180 жолаушы болған. Әзірше қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<