Иранның көмір шахтасында жарылыс болып, 30 адам қаза тапты

402

0

Фото: Midjourney

Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында метанның ағуы салдарынан күшті жарылыс болды. Салдарынан 30 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды aljazeera.com.

Шахта туннельдерінде әлі 24 адам қалып қойған. Әзірге тек 28 ирандық өз бетімен қашып үлгерді. Олар ауруханаға жатқызылды.

Табас көмір кеніші ел астанасы Тегераннан 540 шақырым жерде орналасқан.

Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек көрсету үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды. Сондай-ақ ол оқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.

Бұл Иранның тау-кен өнеркәсібінде болған алғашқы апат емес. 2013 жылы осындай екі оқиға болып, 11 жұмысшы қаза тапты. 2009 жылы бірнеше оқиға болып, 20 жұмысшы қайтыс болды. 2017 жылы көмір шахтасында жарылыс болып, кем дегенде 42 адам көз жұмды.

Бұған тау-кен аймақтарында қауіпсіздік стандарттарының жеткіліксіздігі мен төтенше жағдайлар қызметінің болмауы себеп екені айтылады.

Бұған дейін Қытай шахтасында апат болып, жеті адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<