Іргелі білім ордасы 10 жылдық мерейтойын атап өтті

1399

0

Қазалы ауданындағы іргелі білім ордасының бірі – №266 мектеп-лицей ұжымы 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерекелік шараға мектеп түлектері мен ұстаздары, арнайы шақырылған қонақтар келді. Бірінші кезекте, мектеп фоесінде оқушылардың қолөнер бұйымдары мен жас техниктердің робототехникасынан көрме жасақталып, келушілер назарына ұсынылды.

Іргелі білім ордасы 10 жылдық мерейтойын атап өтті

Мерейтойға арналған салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, аз ғана жылдар ішінде мектеп-лицей ауданымыздың білім беру саласының дамуына зор үлесін қосып, мыңдаған шәкіртті сапалы біліммен сусындатып, түлетіп ұшырғанын айтып, білім ордасының ұстаздарына шынайы алғысын білдірді.

Сонымен қатар, білім бәсекесінде тек аудандық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие мектептің 10 жылдық мерейтойы – ортақ қуанышымыз екендігін жеткізді.

Шара барысында Мұхтар Әуесұлы білім саласының дамуына аянбай үлес қосып, ұрпақ тәрбиелеу жолында ұзақ жылдар еңбек етіп, талай талантты қияға қанат қақтырған тәжірбиелі де талантты ұстаздарды түрлі номинациялармен марапаттады.

Салтанатты шара да мектеп тарихынан сыр шертетін бейнесюжеттер көрсетіліп, ұстаздар мен оқушылар әсем әннен шашу шашып салтанатты шараның шырайын келтірді.

Айта кетейік, білім ордасы 2011 жылы пайдалануға беріліп, былтырғы жылы 10 жылдығын атап өту керек болатын. Алайда әлемді шарпыған пандемияның әсерін мектеп-лицей мерейтойын бүгінгі таңда атап өтіп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<