Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

7

0

Фото: freepik.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда алкоголь өнімдерін сату ережелерін қатаңдату жөніндегі бастаманы қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі алкоголь айналымын бақылауды күшейтуді құптайды. Себебі бақылаудың әлсіздігі көптеген жағымсыз салдарға алып келіп отыр. Дегенмен, бұл қазір тек бастама деңгейінде дейді ол. 

“Қазір қылмыстардың едәуір бөлігі дәл осы себептен жасалып жатыр. Маскүнемдік, ішімдікке салыну, бірге арақ ішу, жалпы тұрмыстық сипаттағы кісі өлтірудің басым бөлігі осыған байланысты. Сондықтан біз бірнеше рет түрлі инстанцияларға алкогольді реттеу қажеттігі туралы ұсыныстар енгіздік: түнгі уақытта сатуға тыйым салу, алкоголь өнімдерін тек мамандандырылған дүкендерде сату, көңіл көтеру орындарында ішімдік сату уақытын шектеу. Алайда қазір мұның бәрі тек бастама ретінде қалып отыр. Бұл норма қабылдана ма, қандай форматта қабылданады ол Қазақстан Мәжілісінің құзырындағы мәселе”, – деді Игорь Лепеха.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда кешкі сағат 20:00-ден кейін дүкендерде алкоголь сатуға тыйым салу ұсынылған еді. Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бөлшек сауда дүкендерінде алкогольді сағат 20:00-ге, ал кафе мен мейрамханаларда 22:00-ге дейін ғана сатуға рұқсат беру керек. Магеррамов тиісті депутаттық сауалды премьер-министр Олжас Бектеновтің атына жолдаған