Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады

317

0

Сурет: Zakon.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі.

«Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сонымен қатар, ведомство соңғы жылдары мектептерде соңғы қоңырау аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырып жатқанын атап өтеді.

«Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Осыны ескере отырып, Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен түлектерді қажетті тәртіп нормалары мен ережелерін сақтауға шақырады.

«Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – деді департамент бастығы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бұған дейін ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі 25 мамырда барлық қазақ мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтетінін хабарлаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<