Ісі дара еңбек адамы

248

0

Фото: Ауыл шаруашылығы басқармасы

Қазалы ауданының тумасы Серімов Есет Үсенәліұлы 52 жылдан бері мал шаруашылығы саласымен айналысып келеді.

1958 жылы дүниеге келген Есет Үсенәліұлы жастайынан қой бағып, еңбекке араласқан.

Бозбала шағында түйе шаруашылығымен айналысқан. 2000 жылы «Жеңіс» шаруа қожалығын ашып, осы уақытқа дейін жылқы және түйе малын өсіріп келеді.

Қазіргі таңда шаруашылық қарамағында қазақтың айыр өркеш түйе малы 535 басқа, аналығы 230 бастан 110 бас төл, ал қазақтың жабы жылқы малы 389 басқа, аналығы 159 бастан 108 төл алып отыр.

Есет Үсенәліұлы ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып келеді. Оның еңбегі мен тәжірибесі мал шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге жетуге ықпал етті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен табысталған. ҚР Ауыл шаруашылығы Министірлігі «Үздік мал шаруашылығын дамытушы кәсіпкер» номинациясымен, «Мамандығы бойынша үздік» дипломымен марапатталған.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының «Таңдаулы түйешісі» атағын иеленген. Облыстық «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкері», «Үздік кәсіпкер-фермер» номинациясы және «Үздік» кәсіпкер атағын жеңіп алған.