Іскерлік байланыс нығая береді

58

0

Қызылорда облысы делегациясының Швейцарияға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар ірі инвестициялық компания басшыларымен кездесті.

Сапардың үшінші күнінде Швей­царияның жетекші инвестициялық құрылымдарының бірі Inoks Capital SA компаниясының өкілі Николас Мэлкимен келіссөз жүргізді. Кездесуде тараптар ауыл шаруашылығы сала­сындағы әріптестікті кеңейту, оның ішінде мал шаруашылығын, құрама жем өндірісін дамыту және өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.

Облыс әкімі Қызылорданың инвес­тиция тартуға қолайлы жағдайларын, дайын инфрақұрылымы бар ин­дустриялық аймақтар мүмкіндіктерін және аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін таныстырды.

Швейцариялық тарап өзара тиімді серіктестік орнатуға және Қазақстан нары­ғында бірлескен жобаларды жүзе­ге асыруға қызығушылық біл­дірді.

Сондай-ақ облыс әкімінің орын­басары Ардақ Зебешев швей­цариялық Swiss Choice Holding SA компания­сы­ның басшысы Завье Рей мырзамен кездесті.

Онда тараптар балық шаруашы­лығы саласындағы ынтымақтастықты ны­ғайту, ортақ инвестициялық жоба­ларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Ардақ Темірханұлы Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік және балық шаруашылығы саласындағы әлеуетіне тоқталып, өңірде 11 балық өңдеу зауыты жұмыс істейтінін, оның 4-еуі халықаралық стандарттарға сай сертификатталғанын атап өтті. Жыл сайын 5 мың тоннадан астам балық өнімі өңделіп, шамамен 4 мың тоннасы экспортқа шығарылады.

Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді серіктестік орнату мәсе­лелерін талқылады. Қызылорда облы­сының әкімдігі жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдық және әкімшілік қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Кездесулер қорытындысымен швей­цариялық әріптестер Қызылорда облысына арнайы сапармен келіп, өңір­дің өндірістік, аграрлық және та­биғи әлеуетімен танысуға шақырылды.

***

Қызылорда облысының деле­гациясы Швейцарияға жұмыс са­пары аясында Лауфен қаласына барып, санитарлық-техникалық бұ­йымдар өндіретін Laufen Bathrooms AG компаниясының даму жөнін­дегі директоры Фрэнк Либетраумен кездесті және керамика зауытының қызметімен танысты.

Laufen Bathrooms AG – Roca Group халықаралық компания­сының еншілес құрылымы. Бүгінде Қызылорда облысында Roca Group компаниясымен бірлесіп, сани­тарлық-техникалық бұйымдар өндірісін салу жобасы іске асырылуда.

Маусым айында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, Roca Group компаниясы арасында үшжақты негіздемелік келісімге қол қойылды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде Roca Group ком­паниясының жобасы таныс­тырылып, өңірде заманауи өндірісті дамыту жоспарлары ұсынылды. Президент бұл бастаманың аймақ экономикасын әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын ашудағы маңыздылығын атап өтті.

Жобаның жалпы құны 70 млн еуро, өндірісті орналастыру үшін инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген «Өндіріс» индустриялық айма­ғынан 20 гектар жер телімі бөлінді. Зауыт іске қосылғаннан кейін 500 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 500 мың санитарлық-техникалық өнім шығару жоспарланған.

Кездесуде тараптар өңір мамандарын Laufen компания­сының өндірістік алаңдарында тағылымдамадан өткізу және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ делегация Laufen Forum көрме орталығында және кран өндірісінде болып, инновациялық шешімдерімен танысты.

Сапардың келесі бағыты – Берн қаласы. Мұнда аймақ басшысы су, газ, электр және жылу есептегіш құрылғыларын өндіруде 120 жылдық тарихы бар GWF MessSysteme AG компаниясының бас­қарушы директоры Марк Нойхауз және техникалық директоры Юрген Скрипалльмен кездесті. Онда Қы­зылорда облысында су және энер­гия ресурстарын есепке алу жүйе­лерін жетілдіру, «ақылды есеп­тегіш» технологияларын ен­гізу, сондай-ақ осы бағытта бір­лес­кен өндіріс құру мәселелері талқыланды. Мұндай жобалар аймақтың инфрақұрылымдық әле­уе­тін арттырып, импортқа тәу­ел­ділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Су ресурстарын тиімді пай­далану мақсатында өңірдегі канал­дарға осы компанияның 100 су есептегіші Ислам даму банкінің қаражаты есебінен, Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, келер жылдың қаңтар айынан бастап орнатылады.

Сапар соңында облыс әкімі Қа­зақстан Республикасының Швей­­цариядағы төтенше және өкі­летті елшісі Қайрат Саржановпен кездесті. Тараптар екіжақты ынты­мақтастықты кеңейту және швей­цариялық компаниялардан инвес­тиция тарту мәселелерін талқылады.