Испанияда мыңдаған адам жаппай туризмге наразылық білдірді

593

0

Фото: Видеодан алынған кадр

Жексенбі күні Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында туризмге қарсы мыңдаған белсенділер наразылық білдірді, деп жазады Reuters.

Полицияның хабарлауынша, жексенбі күні демонстрацияға 10 000-ға жуық наразылық білдіруші қатысты.

Ұшақтар мен круиздік кемелердің қолдан жасалған үлгілерін алып жүрген наразылық білдірушілер қала көшелерімен «жаппай туризмге жол жоқ» және «жеке ұшақтарды тоқтатыңыз» деген ұраны бар плакаттармен жүріп өтті.

Белсенділер биыл Барселонада және Пальма-де-Майорка, Малага және Канар аралдары сияқты танымал демалыс орындарында бірқатар наразылықтар ұйымдастырды. Олар туристердің кесірінен тұрғын үй құны көтеріліп жатқанын және жергілікті тұрғындар қала орталығында тұра алмайтынын айтады.

Пальма-де-Майорка қаласында жексенбілік наразылық ұйымдастырған «Menys Turisme, Mas Vida» (Туризм аз, өмір көп) ұйымының қызметкері Пере Жоан Фемения Reuters агенттігіне наразылық білдірушілер аралдағы туристер санын азайтқысы келетінін айтты.

Exceltur салалық ұйымының мәліметі бойынша туризм Балеар аралдарының ЖІӨ-нің 45% құрайды.

Сондай-ақ, биылғы бірінші тоқсанда Испанияға 16,1 миллион адам келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өсті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<