Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны артуда

424

0

Сурет: X(Twitter)/@zhangzh42191348

Испаниядағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 150-ден 205-ке дейін өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky news-тің хабарлауынша, құтқарушылар командасы су тасқыны болған ел аумақтарында тірі қалғандар мен өлгендерін денелерді іздеуге жұмылдырылды.

Испанияда бір күнде жылдық жауын-шашын көлемі түскен. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, Валенсия аймағының бір өзінде кем дегенде 205 адам қайтыс болды.

Әлеуметтік желіде адамдар Валенсияда теміржол желісі бүлінгенін және аймақты Мадридпен байланыстыратын жоғары жылдамдықты теміржол пойызы тоқтатылғанын жазуда. Сарапшылардың айтуынша, оны жөндеуге кемінде үш апта қажет.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 31 қазанда осы жайтқа байланысты Испания короліне көңіл айтқаны хабарланған.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<