Израиль армиясы оқ жаудырған: Газада алты палестиналық қаза тапты

122

0

Фото: x.com / Mohammed Alshaer

Газаның шығыс бөлігіндегі Шуджайя ауданында Израиль күштері алты палестиналықты атып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі палестиналық WAFAагенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Үйлерін тексеруге келген тұрғындарға дрон шабуылы жасалған. Салдарынан бес бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Сонымен қатар, Хан-Юнис қаласының шығысында, тағы бір адам қаза тауып, бір адам жарақат алған. Оған қоса, Халауа босқындар лагеріне бірнеше адам жараланған.

Израиль Қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) дрон шабуылы болғанын растады. Олардың ақпаратына сәйкес, адамдар Израиль әскерлерінің бекеттеріне жақындаған және “сары сызықтан” асып кеткен. 

Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, Шуджайя ауданы атыс тоқтату келісімі аясында Израиль армиясының бақылауында.

Израиль әскері деректері бойынша, әскерлер алдымен ескерту жасаған, бірақ күдіктілер қозғалысын жалғастырғандықтан, авиациялық соққы қолданылған. ЦАХАЛ бұл әрекеттерді “қатерді жою” мақсатында жасалғанын мәлімдеді.

“ЦАХАЛ Газадағы тұрғындарды нұсқаулықтарды орындауға және Израиль күштері орналастырылған аудандарға жақындамауға шақырады”, – делінген Израиль армиясының мәлімдемесінде.

Еске салсақ, Израиль мен ХАМАС арасындағы атыс тоқтату режимі 10 қазан, түскі сағат 12-де күшіне енді.