Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» нысандарына соққы беріп, 65 адам мерт болды

287

0

Фото: ТАСС

Израиль әскерилері Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» ұйымының 65-тен мүшесін өлтірді, деп жазады ТАСС.

«Әуе күштері Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» құрамындағы 65-тен астам лаңкестің көзін жойды, сонымен қатар «Хезболла» ондаған нысанына соққы берді. Оның ішінде израильдік бейбіт тұрғындарды нысанаға алған зымыран қондырғыларын және лаңкестік инфрақұрылым бар», – делінген хабарламада.

Жақында «Хезболла» Израильмен қақтығыс жаңа шиеленісу кезеңіне өтіп жатқанын жариялап, шиеленістің сипаты алдағы күндері белгілі болатындығын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<