Экология министрлігі: 11 мың киік атылды

476

0

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бүгінге дейін елімізде қанша киік атылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

«2023 жылдың 13 қарашасындағы мәлімет бойынша 15 380 киік атылды. Оның ішінде 3 954 киік (Ақмола облысында 10 киік, Батыс Қазақстан облысында 3944 киік) арнайы қоршауға алынса, ату арқылы 11 426 киік (Ақмола облысында 1833 киік, Қарағанды облысында 2049 киік, Қостанай облысында 1479 киік және Батыс Қазақстан облысында 6065 киік) ауланды», -– деп жазылған ведомствоның редакиця сауалына жолдаған жауабында.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ерлан Нысанбаев киік санын қолдан реттеу жоспарын бөліскен болатын.

«Биологиялық негіздеме бойынша, киік санын реттеудің екі тәсілі ұсынылды. Біріншісі – арнайы қоршауда ұстау, екіншісі түнде ату», – деген болатын министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<