«Экологиясы нашар қалаларда онкологиялық ауру көп»: Қазақстандағы ауасы ең лас қалалар анықталды

75

0

Фото: Pixabay.com

Еліміздің бір аймағында экологиялық апат болды. Өскемендік оқушылар соның кесірінен сабаққа бармай қалды. Соған сәйкес елдегі облыстардың экологиялық жағдайына сараптама жасалды. Әрі экологиясы нашар аймақта халықтың аурушаңдық деңгейі қандай екені де белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығы мен түтіннің салдарынан алғаш рет мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Бұрын тек аяз, көктайғақ немесе қатты жел салдарынан ғана жіберетін.

Шығыс Қазақстан облысында қарашаның соңында Өскемен қаласындағы мектептерде, Глубоковский ауданындағы Опытное поле, Степное, Ушаново және Прапорщиково ауылдарында оқушылар онлайн оқыды. Себебі көшелерді қою тұман басып, балалардың далада болуы орынсыз деп танылды. «Қазгидромет» мәліметі бойынша Өскеменде ІІ деңгейлі ауа райының қолайсыз кезеңі тіркелді, атмосферадағы ластаушы заттардың мөлшері артты. Осылайша күкіртсутегі – 4,4, күкірт диоксиді 3,8, көміртегі тотығы 1,9 болды.

Облыстық әкімдікте өткен жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев екі науқасқа «Химиялық заттардың әсерінен жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы» диагнозы қойылған.

Соған сай Қазақстанның экологиялық деңгейі тексерілді.

«Қазгидромет» мәліметтеріне сүйенсек, атмосфералық ауаның ең нашар күйі Астана мен Қарағандыда байқалады. Бұл қалалардағы ластану деңгейі өте жоғары деп бағаланды.

Ал экологиялық жағынан қолайсыз аймақтар деп Алматы, Өскемен, Түркістан, Петропавл, Қостанай, Орал және Ақтөбені атауға болады. Кейінгі бір жылда оларда ауаның ластану деңгейі жоғары болды.

Тек Көкшетау, Қызылорда және Талдықорған төмен деңгейді көрсетті.

Ластану деңгейі төмен болған – Көкшетау мен Орал.

«Қазгидромет» есебінде ұсынылған 19 қаланың 11-інде қазанда ауаның ластануы жоғарылаған.

Қазанда ластанудың жоғары деңгейі Өскемен, Түркістан және Павлодар қалаларында, өте жоғары деңгейі Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында тіркелді. Экологиялық көрсеткіштер бойынша Астана мен Қарағандыда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы асып кеткен. Стационарлық көздерден жалпы шығарындылар – елордада 138,7 мың тонна, Қарағанды облысында 585 мың тонна. Қазанда Қарағандыда РМ 2,5 – 15,3, күкірт сутегі – 4,5, азот оксиді – 2,1.

Жылына бір рет ұлттық статистика бюросы еліміздің экологиялық жағынан аса қолайсыз аймақтарындағы халықтың аурушаңдық деңгейі туралы ақпаратты жариялайды. Олардың қатарына «Семей ядролық сынақ полигонының экологиялық апат аймағы» ретінде Шығыс Қазақстан облысы, Алматы, «Арал өңірінің экологиялық апат аймағы» ретінде Қызылорда облысы кіреді.

Сондай-ақ Қарағанды облысы қоршаған ортаны ең көп ластайтын аймақтардың бірі ретінде атап өтілген. Балқаш тау-кен металлургиялық комбинаты мен «Испат-Кармет» серіктестігі республикадағы жалпы ластану көлемінің үштен бірінен астамына тең.

2023 жылы аталған өңірлер арасында туберкулез Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында республикалық деңгейден жоғары болды, бірақ тек ерлер арасында ғана. Осы өнеркәсіптік аймақтардағы кейбір аурулардың көрсеткіштері де Қазақстан бойынша орташа деңгейден нашар болды.

Алматы қаласы, сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қатерлі ісік деңгейі айтарлықтай жоғары болды. Республика бойынша 2023 жылы онкологиялық аурулардың көрсеткіші 100 мың әйелге шаққанда 231,8 және 100 мың ер адамға шаққанда 184,3.

Шығыс Қазақстан облысы жалпы халық арасында онкологиялық аурулардың ең жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

Павлодар облысында (100 мың әйелге шаққанда 352,1 және 100 мың ер адамға 299,9) және Солтүстік Қазақстан облыстарында да (тиісінше 364,7 және 328,7) көрсеткіштер орташа деңгейден жоғары болды. Қатерлі ісікке шалдығудың ең аз көрсеткіші Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкентте тіркелді.

Желтоқсан басында Алматы ресми түрде әлемдегі ең лас ірі қалалардың рейтингіне енгені белгілі болды. IQAir халықаралық компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша экологиялық жағынан ең қолайсыз ірі қалалардың бестігіне кірді. Оған Бангладеш астанасы Дакка, Ташкент, Мумбай және Бішкек кірді.

Алматыда Өскемендегі немесе Қарағанды облысындағыдай қара немесе түсті металлургия саласының ірі өнеркәсіп орындары жоқ. Десе де қала антирейтингте.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<