“ЭКҰ арқылы“. Баян Алагөзованың қалай ана атанғаны белгілі болды

270

0

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова ЭКҰ (экстракорпоралды ұрықтандыру) арқылы ана атанған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы танымал продюсердің қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

«Міне, Салтанат Берденқызы. Ол бүгін төрде отыр, өйткені осы кісінің арқасында бізде қазір Алиса мен Алма бар. Ол анам мен Тұрсын ағаның арманын жүзеге асыруға көмектесті. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер», – деді ол.

Айта кетейік, Салтанат Берденқызы – қазақстандық репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті.

Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Мақсатқызы ана атанғанын хабарлаған еді.

Кейінірек танымал продюсер төртінші рет ана атанғанын жариялады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<