Электр желілеріндегі ақауларды толық қалпына келтіріледі

4

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин ауданға жұмыс сапарымен келді.

Басқарма басшысы аудан әкімі Ардақ Ибраимовпен бірге ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындаған электр желілеріндегі ақауларды шұғыл қалпына келтіру жұмыстарының барысын талқылады.

Электр желілеріндегі ақауларды толық қалпына келтіріледі

Сонымен қатар, жедел әрекет ету бригадасымен бірге КЕГОК мекемесінде болып, апат салдарын жою бағытындағы атқарылып жатқан шаралармен танысты.

Айта кетейік, 25-26 ақпан күндері бұрын-соңды болмаған қар аралас жаңбыр мен қатты желдің салдарынан 35 кВ электр желілері үзіліп, апаттық жағдай орын алды. Сондай-ақ, мұз қатқан ағаш бұтақтары құлап, электр сымдарын зақымдап, соның нәтижесінде Жалағаш кенті мен барлық елді мекендерде электр энергиясы уақытша ажыратылған болатын.

Қазіргі уақытта электр желілеріндегі ақаулар тәулік бойы қалпына келтірілуде. 25 ақпаннан бастап апат салдарын жою жұмыстарына барлығы 6 бригада мен 25 арнайы техника жұмылдырылды.

26 ақпан күні қалпына келтірілген аумақтарға электр энергиясы қайта қосыла бастады, бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауында.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі