Бүгін облыс әкімінің жиналысынан кейін Арал ауданы әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, Үкімет отырысының күн тәртібіне сәйкес электрондық сауданы дамыту және Харбин қаласындағы қысқы ІХ Азия ойындарына дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Арал ауданы бойынша тауарлар мен қызметтерді өткізу үшін интернет-ресурсты пайдаланатын 10 ға жуық кәсіпорын тіркелген. Тапсырыстарды сақтау мен жеткізу бағытында «Қазпошта» желісінің 1 супермаркеті, 19 бөлімшесі және Каспи.кз интернет дүкенінің 6 тарату пунктісі жұмыс жасауда.
Аудан әкімі электронды саудадағы экспорт көлемін арттыру мақсатында өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың интернет-маркетплейстарге тіркелу жұмыстарын ұйымдастыру керектігін айтып, жауаптыларға тапсырма жүктеді.
Халқымыздың рухын көтеріп, еліміздің мерейін асыратын спортшыларымызға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Бұл сала бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайына басымдық берген аудан басшысы елімізде спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені атап өтті. Салаға көрсетіліп жатқан айрықша қолдау мен мүмкіндіктерді пайдаланып, бұқаралық және кәсіби спортты дамыту жөнінде бірқатар міндеттер жүктеді.
Мәжілісте көтерілген әр мәселенің өзекті екенін айтқан аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы тапсырмалардың уақытылы орындалуы әркез бақылауда болатынын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<