Бүгін Қызылорда облысының теннис орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған үстел теннисінен турнир өтті. Спорттық сайысқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыстық ҚХА құрылым мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Алғаш рет ұйымдастырылған турнирге 40-қа жуық қатысушы тіркеліп, әр ойын ерекше тартыспен өрбіді. Спорт додасының басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, этносаралық достық пен бірлікті нығайту болды.
Турнирдің ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов қатысушыларға сәттілік тілеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл шараның маңыздылығын атап өтті. Жарыс қорытындысында үздіктер арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Ерлер арасында 1 орынды Мэлс Ким, 2 орынды Рашид Икрамов, 3 орынды Борис Федотов иеленсе, әйелдер арасында 1 орын – Марина Кимге, 2 орын – Наталья Тянге, ал 3 орын – Ирина Каратицкаяға бұйырды.
Жастар арасындағы тартысты ойын нәтижесінде Бауыржан Жанұзақов жеңімпаз атанып, Айдос Алназаров екінші, Бектемір Нахбек үшінші орын алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, турнир қатысушылары мұндай достық рухтағы спорттық шаралар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатынына сенім білдірді.






