Этнос оқушылары арасында «Сөз маржан» зияткерлік байқауы өтті

222

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Жәлел Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің 40 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе отырып, «Сөз маржан» атты зияткерлік сайысы өтті.

Шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Шахизат Абдраманова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, үштілділік бағытын насихаттау болды.

Байқау 5 кезеңнен тұрды. Бірінші «Кім тапқыр» – сұрақ-жауап сайысы, екінші «Ұшқыр ой» – мақал-мәтелдердің жалғасын табу, үшінші «Құпия сөз» – жұмбақ шешіп, оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару, төртінші «Балама мағына» – фразеологиялық тіркестердің мағынасын табу (kahoot форматында, бесінші «Тіл – өнер» – «Достық, татулық» тақырыбына ойтолғау болды. Сайысқа қала мектептерінен іріктелген 6 оқушы қатысты.

Қазылар алқасы құрамында «Қоғамдық келісім» мекемесінің БАҚ секторының басшысы Әсел Абзал, аға сарапшы, тіл кабинетінің үйлестірушісі Гүлзира Сәрсенбек және “Студенттер Ассамблеясы” орталығының жетекшісі Исмаил Махадинов болды.

«Сөз маржан» – тіл мен өнердің тоғысқан, достық пен татулықты ұлықтаған алаңында оқушылар белсенділік танытып, үш тілді еркін меңгергенін, ұлттық тәрбиені бойына сіңіргенін көрсетті.

Шара соңында жүлдегерлер мен қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар иеленді. Сондай-ақ, мектеп өнерпаздарының ән-шашуы тарту етілді.