фото ашық дереккөз
Қазақстан йодталған тұз экспортын 81,4% арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 2022 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстанда 288,1 мың тонна йодталған тұз өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55,9%-ға көп.
Өндірістің өсуімен экспорт көлемі де өсті. Мәселен, өткен жылдың 11 айында 248 мың тонна тұз экспортталса, 2021 жылы 136,7 мың тонна тұз сыртқа шығарылған.
Осылайша, өсім 81,4%-ды құрады.
Бұл ретте сырттан 28,8 мың тонна тұз импортталды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7%-ға аз. Өзге елден әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 9,1%.
«2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта йодталған тұздың 68,9 мың тоннасы сатылды», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<