ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды

658

0

ҰҚК Академиясы жиырмасыншы түлектерін шығарып салды Бүгін ҚР ҰҚК Академиясында комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтің, ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлері мен ата-аналардың қатысуымен курсанттарды шығарып салу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бітірушілерге «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді. ҰҚК Төрағасы К.Мәсімов жас лейтенанттарға:

«Қазақстан қоғамындағы кіршіксіз адалдық және шексіз ерлік, жоғары кәсібилік, Отан алдындағы парыз жолында батыл және жанын қиюға дайын ҰҚК офицерінің бейнесі Сіздердің қызметтеріңізбен байланысты болады», – деп, ақ жол тіледі.   Кәрім Қажымқанұлы академияның профессорлық-оқытушылық құрамына, сондай-ақ кадрларды дайындауға, көпсалалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға  алғыс білдірді.

Іс-шара бітірушілердің салтанатты маршымен және «Мен қазақпын» әнінің орындалуымен аяқталды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<