Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты кезекті комиссия отырысы өтті

689

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Кеше аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алу профилактикасы мәселесі қозғалды.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Махаббат Бегалиева және оған қосымша аудандық көп бейінді орталық ауруханасының жасөспірімдер жөніндегі дәрігері Қуанышбай Әбілбаев баяндама жасады.

Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселені талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы комиссияда қаралған мәселенің бүгінгі таңдағы өзектілігі өте жоғары екендігін жеткізіп, балалардың қауіпсізідігі үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар комиссиядағы көтерілген мәселе бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, комиссия төрағасы жиын соңында алдыңғы комиссия отырыстарында қаралған балалардың жағдайы туралыда сөз қозғап, комиссияда қаралған әрбір жасөспірімнің жағдайы үнемі назарда болу керектігін жеткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<