Кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды

515

0

Құтқарушылардың айтуынша, марқұмдар метанға уланып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі уақытта кәріз насос станциясының ішіндегі шайынды суда екі азаматтың денесі қалқып жатқаны туралы хабар келген. Станция құдығындаға лас су терең болған. Ал құтқарушылар мәйіттерді тек бір сағаттан кейін ғана алып шыққан.

– Сол мекемеде жұмыс істейтін Серік Оспанов пен Жолдасбек Ерубаевтың қаза тапқаны анықталды. Түнгі сағат 02:00 шамасында бір кісінің денесін алып шықты. Ал екіншісінің денесін 6 минуттан кейін алып шықты, — деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Кәріз станциясында екі жұмысшы уланып көз жұмды

Бұл кәріз насос станциясы қалалық әкімдікке қарасты. Жауапты бөлімнің басшысы бұл дерекке байланысты қазір тергеудің басталғанын айтады. Оның айтуынша, марқұм болған жұмысшылар кешкі уақытта станцияда жұмыс істеп жүрген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<