Кәсіпкер дәретхана қағазын өндіруде

712

0

Соңғы жылдары Жаңақорғанда өнім өндіру ісі, шағын кәсіпкерлік көкжиегі қарқын ала бастады. Кір сабын, құрылыс заттары мен тұрмысқа қажетті басқа да тауарлар шығарылуда. Енді міне, әжетхана қағазын да өндіруді қолға алынды.

Жеке кәсіпкер Шолпан Сүлейменова Қызылорда қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2022» өңірлік көрме-байқауында назарға ілікті. Бұған дейін кәсіпкер тойтабаққа арналған кәдесыйға түрлі әшекейлер жасап, арнайы стакандарды дизайнмен әрлейтінін еді. Одан бөлек, футболкаларға сурет салып, жазу жазатын, қосымша есік алдына жылыжай егіп, қияр өсіруді қолға алғанын айтқанбыз. Енді міне ауданда алғашқы болып қағаз ісін қолға алып, жаңа бір жобаны жүзеге асырды.

– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 6 проценттік несие арқылы 5 млн қаржы алып, екі құрылғыны әкеліп орнаттық. Қағаз шикізаты Шымкенттен келетін болса, сыртқы қабатын Алматыдан алдыртамыз, дизайны өзімізден. Қазір қарамағымда 5 жұмысшы бар, өзіме қолғанат болып, қай кәсіп болмасын алып жүрген балаларымның қолдауымен, солардың ынта-жігерімен осы кәсіпке тәуекел еттік. Өнімді өзіміздің дүкен сөрелерінен табуға болады. Біздің мақсат аудан көлемін қамтып қою ғана емес, аймақ нарығына жол тарту. Айтпақшы, өнімнің атауы – «Жаңақорған» деп аталады. Өзге сауда нүктесінде де өзіміздің өнім екенін бірден біле қоясыз, – деді кәсіп иесі.

Кәсіпкердің айтуынша, шикізатты алар кезде қағаздың қатты немесе жұмсақтығына мән береді. Сапасы бірінші кезекте, өнім 2-ші класты өнім. Сапасы жақсы, жұмсақ, түсі ақ, ең бастысы тез жыртылмайды. Ал, бірінші класты түрі тек салфетка, үй жағдайындағы қағаздарға арналады.

Жаны нәзік болса да, кез келген кәсіпке тәуекел жасап, істі бастай алатын Шолпан Сүлейменованың тірлігі көпке үлгі. Берекелі бизнестің басын біріктірген Шолпанның тауарына сұранысты артпаса кемімейді деп сенеміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<