Кәсіпкерлік дамыту – ел игілігін еселеу

1001

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Күн санап кәсіпкерлікке ден қойғандардың қатары артуда. Бірі мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып тың идеясымен жаңа кәсіп бастаса, енді бірі дөңгелетіп отырған кәсібін одан әрі ұлғайтып, көкжиегін кеңейтуде.

Бір сөзбен айтқанда кәсіпкерлік басқармасы атқарып жатқан жұмыстар, салаға бет бұрғандар үшін мол мүмкіндік. Бүгінде бұл сала түрлі жобалар арқылы даму үдерісінде. Жүйелі жұмыстар да жемісін беруде.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбеков алты айда атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады.

– Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 5 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 37,5 пайызға, сауда – 3,6 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 41,4 пайызға артты. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер саны –64478 бірлікке, осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 114,5 мың адамға жетті. Сондай-ақ, биылғы жылы 100 мың тоннаға төмендеуі болжамдалуда. Мұнай-газ саласын дамыту және инвестициялар тарту бағытында қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Тағы бір айта кететін жайт газ өндіру және қайта өңдеу көлемін ұлғайту мақсатында облыс әкімдігі салалық министрлікпен бірлесіп, «Қазгермұнай» серіктестігінде тауарлық газ өндірудің екінші желісін іске қосты. Шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында басқа компаниялардың кен орындарынан газ ресурстары тартылатын болады. Биылғы 6 айдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша облыс өңірлер арасында 1 орында.
Алдағы 5 жылда облыста Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулы аясында 46 жобаның іске қосылуы жоспарланған, – Бекболат Жүнісәліұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<