«Кәсіподақ барысы» анықталды

88

0

Фото: білім басқармасы

Бүгін Қызылорда қаласында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері арасында салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы» облыстық іріктеу жарысы болып өтті.

Жарыстың мақсаты ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру қағидаттарын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріпту және сала қызметкерлерін қазақ күресімен шұғылдануға тарту болып табылады.

Аталған жарысқа Қызылорда қаласы және аудандар бойынша білім қызметкерлерінен барлығы 30-ға жуық спортшы ұстаздар бақ сынады. Облыстық іріктеу жарысы ересектер арасында 90 кг-ға дейін (70 кг төмен емес) және 90 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде өткізілді.

Облыстық жарыста 90 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Әбілдаев Нұржан Әмірханұлы жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі І орынды иеленді.
Айта кетейік, облыстық іріктеу жарысынан жеңімпаз атанған Нұржан республикалық «Кәсіподақ барысы» жарысына қатысатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<