Кафеге ұрлыққа түскен

388

0

Оқиға 10 шілде күні қала орталығында орын алған. Кафе иесі түн мезгілінде ұрлық болғанын байқап, полиция басқармасына хабар берген. Белгісіз біреу есепшінің бөлмесінде тұрған сейфтен ақша ұрлаған. Жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам залал келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады Ол сол кафеде жұмыс атқаратын 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 1-бөлігінің сәйкес (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<