Калифорнияда алапат өрт болды

227

0

Калифорния штатында биылғы ең ауқымды орман өртінен кемінде 41 ғимарат өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат News CN сілтеме жасап.

Калифорния орман шаруашылығы және өрттен қорғау департаментінің мәліметінше, жалын 73,2 шаршы шақырым орманды алқапты қамтыды.

Өрт жұма күні Калифорнияның орталық бөлігіндегі Марипоса округінде орналасқан Йосемити ұлттық паркі маңайында басталған. Сейсенбідегі жағдай бойынша жалынның 26 проценті ауыздықталды.

Осы жұмыстарға 3 мың өрт сөндіруші мен авиация жұмылдырылған. 41 жылжымайтын мүлік нысаны өртеніп кетті. 1440 ғимарат әлі де қауіп аймағынла тұр. Йосемити ұлттық паркіне жақын жердегі Уошберн қаласы маңындағы басқа өрт 19,7 шаршы шақырым орманды жойып жіберді.

Орманның 87 процентіндегі өртті сөндіруге үш апта кетті. Құтқарушылар өрт сөндіру кезінде парктегі ең көне әрі алып ағаштарды сақтап қалуға тырсып жатыр. Өрт салдарынан жергілікті мыңдаған тұрғын эвакуациялануға мәжбүр болды.

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом өрттің тез таралуына байланысты Марипоса округінде төтенше жағдай жариялады. Өрт сөндірушілердің мәліметтері бойынша биыл Калифорния штатында өрт 214,5 шаршы шақырым орманды жойып жіберген. Оған қуаңшылық пен елдегі жоғары температура себеп болып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<