Канело Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдірді

355

0

Фотоэ: Allring.com

Мексикалық боксшы Канело Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз», деп жазды танымал боксшы.

Еске салсақ, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш мәрте жекпе-жек өткізген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта салмақта өткен еді. Соңғы нүктесі 2022 жылы 18 қыркүйекте қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды.

Ал, кеше Атырау облысына 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<