![KASE: Доллар арзандады](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-07/thumbs/1531289688_20180112111939.jpg)
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда шетелдік валюта бағамы 0,69 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 342,24 теңге, ал ең жоғарысы 342,65 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 34,95 млн долларға жетті. Бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 343,14 теңге, күндізгі сессияда 343,32 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 343,25 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 112,7 млн долларды құрады.
Еске салайық, дүйсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 0,09 теңгеге, яғни 343, 32 теңгеден 343,23 теңгеге төмендеген, сейсенбі күні тағы да 0,09 теңгеге арзандап, 343,14 теңгені құрады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<