KASE: Доллар бағамы 2,5 теңгеге төмендеді

227

0

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 376,99 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.
Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,55 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға – 376,36 теңге, ал ең жоғарысы 378,3 теңге болды. Сауда көлемі 152,725 млн долларға жетті.
Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,54 теңгені, күндізгі сессияда 379,17 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,29 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі – 60,132 млн доллар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<