Каска мен қақпаққа сұраныс жоғары

248

0

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Ансат «Np Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде кәсіпорын шығаратын өнімдері сұранысқа ие.

Аталған кәсіпкерлік нысан 2014 жылдан бастап қорғаушы каскаларын және 19 литрлік бөтелкелердің қақпатарын өндіреді. Цехтар қытай елінің құрал-жабдығымен жабдықталған және өндірісте неміс технологиясын пайдаланады. Сондай-ақ, шикізатты Ресей елінен тасымалдайды.

Бүгінде өндіріс орнында тәулігіне 500 қорғаушы каска, 10 мыңға жуық қақпақ шығаруға мүмкіндік бар. Өнімдерге тұтынушылар тарапынан сұраныс мол, еліміздің барлық өңіріне тасымалдануда.

Өндіріс орны жақын арада 19 литрлік пластмасса бөтелке өнімін шығаруға ниетті.

Жұмыстарына сәттілік тілеген басқарма басшысы ойын сауық алаңдарына қажетті сырғанақ, үйшіктер және т.б. бұйымдарды жасап шығару сияқты ұсыныстарын білдіріп, тың идеяларымен бөлісті.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<