Каспий маңы елдерінің басшылары қандай құжаттарға қол қоймақ

311

0

Каспий маңы елдерінің басшылары қандай құжаттарға қол қоймақ Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылатын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Арман Исетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздер 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілгені белгілі. Енді міне сол келіссөздердің қорытындысы – негізгі құжатқа қол қою. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды», – деді ол БАҚ өкілдеріне.Оның айтуына қарағанда, кездесуге барлық Каспий маңы елдерінің басшылары келеді деп күтілуде. Саммит аясында бірқатар үкіметаралық келісімге қол қою да жоспарланған. Құжаттар көлік, сауда-экономикалық ынтымақтастық, Каспийдің қауіпсіздігі, оның ішінде терроризммен, қылмыспен күрес, Каспий маңыз мемлекеттердің шекаралық ведомстволарының өзара іс-қимылы салаларындағы қарым-қатынастарды қамтиды.Саммит 12 тамыз күні Ақтау қаласында өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<