Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында 4 ілбіс фототұзақ объективіне ілінді.
Бұл туралы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері хабарлады. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Кадрлардан көрінгендей, ілбіс үш аланымен бірге келе жатыр.
Бұл өте ерекше жағдай. Өйткені аландар анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді. Мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында жануарлардың сирек түрлерінің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай сақталып отырғанын көрсетеді, – делінген ақпаратта.
Қар барысы – Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр.






