«КазТрансГаз» командасы – Қожаниязов турнирінің жеңімпазы

332

0

«КазТрансГаз» командасы – Қожаниязов турнирінің жеңімпазы 2 ОРМБЖМ – де Тимур Қожаниязовты еске алуға арналған шағын-футболдан турнир аяқталды.
Биыл төртінші мəрте ұйымдастырылған жарысқа 10 команда, 200-дей спортшы қатысты.
Нəтижесінде «КазТрансГаз» командасы турнир жеңімпазы атанса, «Петро Қазақстан» екінші, облыс əкімдігінің командалары үшінші орындарды еншіледі.
«Үздік қақпашы» – Əсет Өскенбаев (Облыс əкімдігі), «Үздік қорғаушы» – Уалихан Дүйсенбі (ІІД), «Үздік шабуылшы» – Ғалымжан Мұханбетжан (Торғай Петролеум), «Үздік ойыншы» – Еркін Тобашев (Петро Қазақстан) марапатталды.