Кедергісіз келешек

348

0

Музейде ғылыми-ағарту қызметінің маңызды бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау болып табылады. Музей қызметіндегі соңғы жылдары атқарылып жүрген жаңа бағыт – мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тиісті жұмыс атқару. 

Мүмкіндігі шектеулі деп аталғанымен бұл жандар да қоғамымыздың бір мүшесі. Сондықтан оларды өзекке теппей, керісінше, көп болып көмектесу, барлық тұрғыдағы қолдау көрсету аса маңызды. Осыған орай, Қорқыт ата мемориалды музейі қызметкерлері О.Бегалиев және А. Бермаханова Қармақшы және Жалағаш ауданындағы Аль-Таир балабақшасында тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы Қорқыт ата кешеніне саяхат ұйымдастырылды. Балалар Қорқыт ата мемориалды кешенцң аралап, музей ішіндегі жәдігерлер тарихымен танысып естелік суретке түсті.

 Біз мүмкіндігі шектеулі балаларға әркез қайырымдылық жасап келеміз. Оларды қуанту сонымен қатар оларға қоғамның мейрімді екендігін таныту біздің басты мақсатымыз.

Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері 

Олжас Бегалиев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<