Топ-баннер2

Кейден ауылының тұрғындарына жаңа Конституция жобасы жан-жақты түсіндірілді

6

0

Фото: Жаңақорған ауданы әкімдігі

Бүгін аудандық штаб мүшелері Серік Мұсабай, Пахмаддин Айнақожаев, Наурызбай Орынбасаров Кейден ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мән-маңызына арналды.

Коалиция мүшелері конституциялық реформаның ауыл өміріне тікелей әсер ететін тұстарына тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағытын күшейту, еңбек адамының құқығын қорғау, ауыл тұрғындарының жергілікті басқару ісіне қатысу тетіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысында спикерлер жаңа Конституция жобасын қолдау елдің тұрақты дамуы мен ұлттық қауіпсіздігін нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті.

Ауыл тұрғындары да өз пікірлерін ашық білдіріп, бірқатар сауалдарын қойды. Жиын соңында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.

Жаңақорған ауданы әкімдігі