Келер жылы атаулы әлеуметтік көмек сомасы өсуі мүмкін

514

0

Астана қаласының маслихаты атаулы әлеуметтік көмектің көлемін ұлғайтуды ұсынды. Шешім құжаты «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, өмірлік қиын жағдайына байланысты әлеуметтік көмектің мөлшерін 13 айлық есептік көрсеткіштен (41 340 теңге) 20 АЕК-ке (63 600 теңге) дейін ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде көрсетілетін әлеуметтік көмек 1 желтоқсаннан (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні) 25 қазан – Республика күніне ауыстырылсын», – делінген

қалалық маслихаттың шешімінде.

Құжатты ашық талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<