«Келешек» бағдарламасына барлық банк қатыса алады – Саясат Нұрбек

621

0

Фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек көктемде «Келешек» бағдарламасына қатысты ақпараттық түсіндіруі іс-шараларының басталатынын айтты, деп хабарлады KAZINFORM.

«Көктемнен бастап біз ақпараттық науқанды бастаймыз. Оның барысында 1 және 2, одан көп балаға қаржыны дұрыс жинақтау стратегиясын қалай таңдауға болатындығын нақты түсіндіреміз. Бағдарлама балаларға болашақта жоғары білім алуға кепілдік береді», – деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы «Келешек» бағдарламасына барлық банктің қатыса алатынын айтты.

«Ұлттық банк айқындайтын қаржылық тұрақтылық бойынша қатаң талаптарға сай келетін барлық банктер қатысуға мүмкіндік алады», – деп толықтырды министр.

Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<