Бұл туралы сериалдың продюсері Гүлнұр Мамасарипова мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қымбатты менің достарым, жанашырларым, қолдаушыларым! «Келінжанның» прокатқа шыққанына да біраз болды. Алғашқы аптада толық прокат берілді, екінші аптада сеанстар қысқара бастады, үшінші аптада «Аватар» шықты… Бұйырғаны болар деп отырмыз. Үш аптада 500 000 – нан астам көрермен барыпты. Бұл, біле білген адамға, кәдімгідей аудитория. Касса да осы төңіректес. Шүкір! Қазір де прокатта бармыз. Кейбір қалаларда алынып тасталды. Бірақ Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз, Қызылордада сеанстар әлі де бар. Өкінішке қарай, әлі де сұранысы саябырсымаған Атырауда, Оралда прокат бітті. Кейбір қалаларда таңғы 10-ға бір сеанстан қалдырыпты. Ұйқыдан тұра салып киноға кім барар екен деп ойладым.
Неде болса, осы айдың аяғына дейін, яғни 29-желтоқсанға дейін ілініп-салынып жүре тұрамыз деп үміттенемін», – деді Г.Мамасарипова.
Сондай-ақ ол қуанышты жаңалығымен бөлісті.
Ал мен сіздерге бір күшті жаңалық айтайын: мен «Келінжан 5» сериалының сценарийін жазуды бастадым. Көрерменнен биік емеспін… Рекорд жаңартпасақ болмайын деп тұр… Бес маусым түсірілген туынды ретінде шегелеп қоямыз деп шештік» деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<